Қазақстандық Данна Қарағұсова тарихта алғаш рет ғарышқа сапар шеккен қазақ әйелі атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz Еуразия Бірінші арнасына сілтеме жасап.
Blue Origin компаниясының New Shepard бағдарламасы аясында ұшқан ғарыш кемесінің экипаж мүшелері қатарында Джефф Элгин, Клинт Келли III, Уилл Льюис, Аарон Ньюман, Виталий Островский және Данна Қарағұсова бар.
АҚШ-тың Техас штатынан шыққан ғарыш кемесі 107 шақырым биіктікке жеткен. Сапар 10 минут 21 секундқа созылды. Бұл оқиғаның бір ерекшелігі – миссия эмблемасында Қазақстан таулары бейнеленіп, Данна Қарағұсованың туған жеріне құрмет көрсетілді.
Осылайша, Данна Қарағұсова — Қазақстаннан шыққан алғашқы ғарыш турист әрі еліміздің атынан ғарыш кеңістігін бағындырған тұңғыш әйел ретінде ел тарихына енді.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.