in

Қайрат Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды: себебі неде

Бүгін, 28 қазанда Қайрат Мақсұтовтың "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылғаны белгілі болды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған astana24.com.

"Самұрық-Қазына" АҚ басқармасының шешімімен Қайрат Берікұлы Мақсұтов "Самұрық-Энерго" АҚ басқарма төрағасы қызметінен босатылды.

Бұл шешім компанияның стратегиялық инвестициялық жобаларын жүзеге асыру қарқынының баяу жүруіне, сондай-ақ жаңа генерациялау қуаттарын салу мен пайдалануға беру мерзімдерінің сақталуына бақылаудың жеткіліксіз болуына байланысты қабылданды", – делінген хабарламада.

"Самұрық-Энерго" АҚ сайтында Қайрат Мақсұтовтың бұл қызметті 2023 жылдың маусымынан бері атқарғаны жазылған.