Қатонқарағай ұлттық паркінің аумағында қалыңдығы 20-25 см болатын қар жауды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Қазір ұлттық парктің аумағында заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүргізіліп жатыр.
Ұлттық парктің мәліметінше, Мәметек мекенінде қардың қалыңдығы 20-25 сантиметр. Ондағы қызметкерлер ұлттық парк аумағында заңбұзушылықтардың алдын алу мақсатында рейдтік шаралар жүйелі түрде жүргізіліп жатқанын атап өтті.
“Қатонқарағай ұлттық паркінің аумағында құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында тұрақты түрде рейдтік іс-шаралар өткізіледі. Мәметек аумағында қар жауып, қар жамылғысының қалыңдығы 20-25 сантиметрге жетті”, – деп хабарлады парктің баспасөз қызметі.