in

Қарағанды облысында мыңдаған киік 30 мың гектар егіс алқабын таптап кетті

Мамандардың есебі бойынша түз тағысы 30 мың гектар егінжайды таптаған. Күзде қамбаға түсуі тиіс 60 мың тонна астық ысырап болды. Қазір арнайы құрылған жұмыс топтары, Ақмола, Ұлытау облыстарымен шекаралас аумақтарда өрген киікті бақылауда ұстап отыр.

Әсіресе Шет, Абай және Нұра аудандарында түз тағысы өте көп. «Охотзоопром» мекемесі, жергілікті атқарушы билік пен шаруашылықтардың күшімен киіктерді қайыру жұмыстары ұйымдастырылған. Бірақ ол еш нәтиже бермей отыр. Нұра ауданы бойынша Қайнар, Шахтер, Кертінді, Байтуған, Жарасбай сынды бірқатар ауылдардың төңірегінде киік өріп жүр. Егінге түскен жануарларды қайыруға жергілікті атқарушы органның, шаруашылықтардың күшімен 44 машина, 54 мотоцикл жұмылдырылған. Алайда бұл еш нәтиже бермей отыр.

Қазір батыс өңірлерде киік санын реттеу жұмысы басталып кетті. Жүргізілген санақ қорытындысы бойынша елімізде 4 миллионға жуық киік бар. «Бұл бұрынғыдан үш есеге көп», – дейді мамандар.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.