in

Қара көзден нұр тайса…

Қазір әлеуметтік желіде жарнамасы қаптаған бұл ота түрі кейінгі 10 жылда қарқынды дамыды. Дегенмен кез келген адам лазерлік түзету жасата ала ма? Жекеменшік клини­ка­лар­ға қаралғанда, нені ескеру керек?

Біз Астанада орналасқан Oftum кли­никасының оф­таль­молог-хи­рургі Алуа Талғат­қы­зы­нан лазерлік ко­ррекцияға қа­тыс­ты бірқатар маңызды кеңес алдық. Аң­ғарғанымыз, Астананы лазерлік коррекция жасаудың отаны десек қа­телеспейміз, себебі бас қалада көз ауруларын емдейтін медици­на­лық орталық өте көп, емделу ба­ға­сы да, қызмет көрсетуі де әртүрлі дең­гейде. 

– Адам табиғатына тән қо­бал­жу, қорқу сезімі, әрине, болады, де­сек те, лазерлік коррекцияны күр­делі ота деп айтудың өзі қате. Кор­рекция көздің қасаң қабығына жа­салады, онда ешқандай ауыр­сыну сезімі болмайды. Пациенттер ер­теңінде-ақ «Қап, неге ерте жасат­па­дым? Қорқатын ештеңесі жоқ екен» деп айтып жатады. Көзге диаг­­ностика жасағанда, көз тү­бін­дегі торлы қабатын қараймыз, қан­дай да бір ақау, дегенерация бай­қалса, мұны да тігіп емдейміз, қал­пына келтіреміз. Операцияда па­циентке бәрін айтамыз, бірінші не істедім, көзіңізге тамшы тамыз­дым, көзді қозғалтпаңыз, қазір көз­­ді ашамыз, лазер келіп ор­на­ты­ла­ды деп түсіндіріп отырамыз. Жұ­мыс 10-15 минутта бітеді, лазер­лік түзету небәрі 24 секундта жаса­ла­ды. Ла­зер­лік коррекцияны ұсы­нар­дан бұрын тек­серіп-қарайтын ерекшеліктер бар, – дейді А.Талғат­қызы.

Анықтамай асықпаңыз

Лазерлік түзетуді кез келген адам­­ға жасауға болмайды. Дәрігер­лер алдымен пациентті диагнос­ти­ка­дан өткізіп, көз алмасының сырт­қы қабатындағы қасаң қабықтың қа­лыңдығын тексереді. Көздің қа­саң қабығының қалыпты жағ­дай­дағы қалыңдығы 520-560 мик­ро­метр болу керек. Мұнымен қатар дә­рігер көздің алыстан көргіштігін, көз қысымын, көзілдірікпен қалай кө­ретінін де анықтап, көз қара­шы­ғын ұлғайтып, көздің түбін, ішін тек­серіп, өзге де ақау-аурулардың бар-жоғын мұқият қарайды. Егер бәрі ойдағыдай болса, ота жасатуға мүм­кіндігіңіз бар. Тағы бір айтар­лы­ғы, жас ерекшелігі де денсау­лы­ғыңыз үшін едәуір рөл ойнайды. Ота­ға ең қолайлы кезең – 18-45 жас ара­лығы.

Адам 25 жасқа дейін толық өсіп же­тіледі, оған дейін көз алмасы да, көз­дегі минус та өсе береді. Сон­дық­тан көзге бірден ота жасауға асық­паған жөн. Жыл сайын дәрі­гер­дің бақылауында болып, мио­пия­ның толық қалыптасқанына көз жеткізген абзал. Кейбір жеке­мен­шік клиникалар клиенттен айы­­­­рылып қалмай, табыс табу үшін кә­мелетке толған әр адамға ота жа­сауды ұсына береді. 40 жастан кейін де отаға жүгірмегеніңіз абзал.

– 40 жастан кейін кез келген адам­ға жасамаймыз, бұз кезде жас ерек­шелігіне байланысты жақын­нан оқуға көзілдірік тағу керек. Егер көз 100 пайыз көретін болса, 40 жастан кейін оқу-жазуға ар­нал­ған көзілдірік тағуға тиіс. 40 жаста – 1 шамасы болса, оған коррекция жа­саудың қажеті жоқ, себебі минус диоптрий көзілдірікті жақыннан көруге арналған көзілдірікке ауыс­тыруға тура келеді. Егер де миопия жо­ғары дәрежеде болса, жақыннан да, алыстан да көзілдірік қажет бо­лады. Ондайда минусты емдеп, бір көзілдірікпен қалған ыңғайлы, – дейді А.Талғатқызы.

Дәрігер сөзінше, егде жастағы әр­бір ем алушы өз жағдайына бай­ла­нысты таңдау жасап, өзі шешеді. Кө­зілдірік, не линза тағуына бо­ла­ды немесе лазерлік коррекцияны да байқап көре алады, бірақ жа­қын­нан көзілдірік тағуы міндетті. Astana Vision клиникасының офта­ль­молог дәрігері Бақытқұсы Орын­тай­қызы да әр пациенттің лазерлік тү­зетуге қатысты бірқатар жайтты ес­керу қажетін жеткізді.

– Әркімнің нәтижесі әртүрлі бол­ғандықтан, рецепт жеке дерек­те­ріне қарай негізделеді. PRK, Lasik, Femto-Lasik және SmartSite сияқ­ты әртүрлі әдіс бар. Кейде ау­руда прогрессия байқалса, бақылау қа­жет. 40 жастан асқан кезде жасқа бай­ланысты пресбиопия (қарттық алыс­тан көргіштік) процесі бас­та­лады, жақыннан көру нашарлайды, бұл жағдайда көзілдірік тағу керек. Операцияны жоспарлаған кезде кли­никаның техникалық жабдық­талуына, білікті кадрлармен қамта­ма­сыз етілгеніне көз жеткізіп, зерт­­теп алыңыз. Ең бастысы, отаға өзіңіз дайын болсаңыз болғаны. Қар­сы көрсеткіштеріңіз бар болса, суық тиіп ауырып қалсаңыз, ота жа­­сауға асықпау керек. В және С ви­­рустық гепатиттеріне қан тал­дауын жасау маңызды, – дейді дәрі­гер.

Отадан соң жұмысқа бара бересіз

Егер де бәрі талаптарға сәй­кес ойдағыдай болса, ота тү­рін өзіңіз таңдай аласыз. А.Тал­ғат­­қызының айтуынша, қазір ла­зер­лік коррекцияның PRK, FemtoLasik және RelexSmile сынды не­гізгі 3 түрі кең тараған. Ең алғаш­қы тә­сіл­дің бірі, PRK тәсілі – көз­дің беткі жа­ғына жасалады, ша­ма­мен кейінгі 40 жылдан бері жа­са­лып келе жат­қан процедура. Бұл әдісте көздің жа­зылу уақыты сәл ұзаққа созы­ла­ды, көздің беткі қабатын лазермен алып, орнына 4 күн линза қояды. Ал­ғашқы екі күнде көз ауырады, жа­саурайды, жарыққа қарау қиын­ға соғады, кейін біртіндеп қалпына келе бастайды. 

Келесі FemtoLasik тәсілінде көз­ге шеңберлеп тілік жасалады, ла­­­­зермен көзді түзетіп, қасаң қа­бық қақпағын қайта жабады, бұл кез­де линзаны 1 күнге ғана қояды. Тіл­ген жер сәл ашып ауруы мүмкін, де­генмен алғашқы тәсілдей ауыр бол­майды. Тез қалпына келеді, ер­тесінде өзіңізді жақсы сезініп, ай­на­­ланы анық көре бастайсыз. Бұл жер­­дегі қауіп – көздің қасаң қабы­ғы­­­на толық тілік жасау. Дәрігер кеңе­­сінше, отадан кейін бір ай кү­тіну керек. Көзді қатты уқалауға бол­­­майды, бокспен, күрделі спорт тү­рі­­мен шұғылдануға асықпау керек. 

Ең соңғы заманауи тәсіл – RelexSmile. Ерекшелігі, көз­­дің ең бірінші қабаты зақым­дал­­майды, шамамен 2 микро­метр­дей ғана шамада кішкентай тілік жасау арқылы бұзылысты ретке кел­тіреді. Мұның жазылуы тіпті жеңіл, ертеңінде жұмысқа шыға бер­се де болады. Бір айтарлығы, ла­зерлік коррекцияны қандай тә­сіл­мен жасатсаңыз, кейіннен дәл сол тәсілмен қайта жасатуға бола­ды, алайда мұндай жағдай сирек кездеседі. Осыдан 20 жыл бұрын лазерлік коррекция жасатқан әйел­дерге босанар кезде қауіп бар деген бол­жамдар айтылатын, ота жүк­тілік­тен кейін ғана жоспарланған. Ал қазір отаның әйелге де, балаға да зияны жоғы анықталды, қорқуға еш негіз жоқ. Барлық жағдайдың ішін­де 3-4% адамның көруі қайта на­шарлауы мүмкін екен. 

Тәсіліне қарай бағасы

Лазерлік коррекцияның бағасы Астанада 200 мың мен 1 миллион теңгенің айналасында, дегенмен оның бағасы жасау тәсіліне бай­ла­нысты әртүрлі, медициналық ор­та­лықтардың техникалық жабдық­талуы мен сапасын да ескеру қажет. Клиникалардың сайтқа жарияла­ған ақпарымен шектелмей, орта­лық­­тарға барып, жағдайды зерттеп, біз де тексеріліп қайттық. Таңғал­дыр­ғаны, клиникаға 10 күн бұрын жа­зылып, белгіленген уақытқа бар­­сақ та, адам кезегі бір арылмай тұр. Офтальмолог Алуа Талғат­қы­зы­­ның сөзінше, мемлекеттік ауру­ха­наларда лазерлік коррекция жасалмайды, бірақ басқа күрделі оталарды тегін жасатуға мүмкіндік бар. Сонымен қатар ақылы түрде лазерлік коррек­ция жасатуға зей­не­тақы қорынан қара­жат алуға бо­лады.

Дизайнер Шолпан Ғарифул­ла­қызының лазерлік коррекция жа­сат­қанына 4 апта болыпты. Оның бас­тауыш сыныпта оқып жүрген ке­зінен бері көру қабілеті төмен­де­ген. Алғашында көзілдірік тағып, жо­ғары сыныпқа көшкенде, линза­ның көмегіне жүгінген. Оның ай­туынша, линзаның да жайсыздығы бар, көзді құрғатып жібереді, жол жүр­генде де ыңғайсыз. Ол арада та­лай жыл өткенде көзге ота жаса­та­мын деп шешім қабылдайды. 

–  Алдымен толық диагностика жа­саттым. Дәрігер маған екі тәсіл­мен ота жасауға болатынын түсін­дір­ді. Бірінші әдіс – FemtoLasik, екін­шісі – RelexSmile. Таңдауым FemtoLasik-қа түсті. Бағасы арза­ны­рақ, көру қабілеті нашарлап жатса, тағы жасатуға болады. Дәрі­гер отаға кірерде қолыма жұмсақ ойын­­шық ұстатып, бәрі тез әрі оңай болатынын айтты. Қор­қы­ныш­ты көрінгенмен, шындығында, еш ауырмайды, бәрі тез бітті. Ал­ғаш­қы күні көзімде құм бар секілді сезім болды, екінші күні бұл сезім азай­ды, таңертең бәрін керемет кө­ріп тұрдым. Сол күні клиникаға тек­серілуге бардым, дәрігер 120% кө­ріп тұрғанымды айтты. Үшінші күн­нен бастап көзімнің ауырғаны ба­сылды. Ота жасатқаныма өкін­бей­мін. Қазір ота жасағаныма 4 ап­т­а болды. Әлемді өз көзіммен көр­­генге не жетсін? –  дейді Ш.Ғари­фуллақызы.

Отандық медицинаға сенуге болады

Кейінгі кездері лазерлік кор­рек­цияны шетелде, әсіресе көршілес Ресейде жасататын жан­дар­дың қатары артқан. Бұған себеп – ота бағасының елімізге қарағанда арзан­дығы. Негізінен, отаның қымбат­ты­­ғы құрылғының, лазерлік жаб­дық­­тың сапасына, дәрігерлердің бі­ліктілігіне де қатысты. Құдай­бер­ген Бақнұр (өзгертілді) осыдан 4 жыл бұрын Ресейге барып ота жа­сат­қан. Ол толық отаның бағасы тең­геге шақ­қанда, небәрі 150 мың дейді. 

– Ақтөбеге Алматы мен Аста­на­ға қарағанда, Ресейдің Орынбор қаласы жақын. 3-сыныпта оқып жүр­ген кезімнен бастап Ресейге ба­рып, көзімді тексертіп келемін. Орын­бордың көз тексеретін үлкен ауруханасына жатып, сонда қа­ра­ла­тынмын. Сонда жеке дәрігерім бол­ды. Сол себепті де лазерлік кор­рекцияны да сонда жасаттым. «Қа­зақстанда нашар жасайды, Ре­сейде сапалы» деген көзқарас әлі де бар. Бала күннен сондай пікір ес­тіген соң осылай шештім. Көзіме ко­рекция жасатқалы 4 жыл болды. Әлі 100% көре аламын. Әр жыл сайын тексерілемін, сапалы жаса­ды деп айта аламын, – дейді Бақнұр. 

Бақнұр айтқандай, шынында, Ре­сейде лазерлік коррекция жасату қа­зір де өте арзан. Ресейде ота жа­сау теңгемен есептегенде, 100 мың­нан басталып, 500 мыңға барады. Офтальмолог А.Талғатқызы еліміз­де де медицина дамып жатыр, отан­д­ық дәрігерлерге сенім артуға бо­лады дейді. 

– Тек қана көз емес, кез келген опе­рацияны шетелге барып жасату бұрыннан бар, бірақ бұған да еліміз мониторинг жасау керек. Елімізде де отандық медицина дамып ке­леді, бірнеше клиникаға барып, зерт­теп-таңдауға болады. Әрине, түр­лі жағдай, асқыну, қабынулар бол­уы мүмкін, организмнің қабыл­дауы әртүрлі, адам ауырып қалуы мүм­кін, бәрі 100% мінсіз бола бер­мей­ді, дегенмен отандық дәрігер­лер­­ге де сенім арту керек. Шетелге се­нім артса, ол да өз еркі, – дейді дәрі­гер.

Дәрігердің айтуынша, дүниеге келген сәбидің көру қабілеті +3, 3,5 тіп­ті +5-ке дейін болады екен, мек­теп жасына дейін көз алмасы өсіп, көрсеткіш төменге түседі. Егер осы кезде баланың күтіміне көңіл бөл­месе, көру қабілеті минусқа түсіп, миопияға айналады. Ересектер жұ­мыс арасында үзіліс жасап, кү­тін­се, көп мәселе туындамайды. Ал миопия әдетте мектеп және уни­вер­ситет кезінде өседі екен.

Денсаулығыңыз үшін қалай шеш­­­­­сеңіз де, өз таңдауыңыз, өз қа­­лауыңыз. Дей тұрғанмен, кез кел­­ген клиникаға барарда, зерттеп-зер­­делеп, жеті рет өлшеп, бір рет кесіп әрекет еткеніңіз дұрыс.

Айсұлу СЪЕЗХАН