in

Қаһарман Мұсаев: Атырау өңірі рухани тұрақтылық жолында келеді

Облыста жат ағыммен күрес, дәстүрлі дінді насихаттау, жастармен жұмыс және діни сауаттылықты арттыру бағытында атқарылған іс көп. Осы орайда біз Атырау облыстық Дін істері басқармасының басшысы Қаһарман Мұсаевпен сұхбаттасқан едік.  

– Қазір Атырау облысындағы діни ахуалды қалай сипаттайсыз? Жалпы жағ­дай тұрақты ма?

– Иә, бүгінде Атырау об­лы­сын­да­ғы діни ахуал тұрақты. Бұған дейін­гі жылдары аймақта діни экстремизм мен радикализм белгілері байқалған ке­зеңдер болғаны рас. Алайда соңғы жыл­дары атқарылып жатқан кешенді профилактикалық, ақпараттық-тү­сіндіру жұмыстарының нәтижесінде ахуал айтарлықтай жақсарды. Қоғам­да келісім, дінаралық және ұлтаралық татулық сақталып отыр. Бұл – тек мем­­лекеттік органдардың емес, со­ны­­мен қатар діни бірлестіктер мен аза­­маттық қоғам институттарының да бірлескен жұмысының нәтижесі.

– Өңіріміз еліміздің шекаралық ай­мағында орналасқан. Бұл фактор діни ахуалға қалай әсер етеді?

– Рас, Атырау облысы геогра­фия­лық тұрғыда шекаралық аймақта, Кас­пий теңізі арқылы халықаралық қа­тынасқа да ашық. Кеңес кезеңінен кейін­гі уақытта Кавказ аймағынан қо­ныс аударған халықтардың әсері бай­қалды. Соның ішінде дінге қатыс­ты өзге бағыттағы сенімдер мен көз­қа­­растар да бірге келген болатын. Алай­да қазір Қазақстан – ислам ді­ні­нің Әбу Ханифа мәзһабын ұста­на­тын, зайырлы мемлекет. Қазақстан мұ­сылмандары діни басқармасы осы дәс­түрлі мектептің ұстанымына не­гіз­­деліп қызмет атқарады. Облыс тұр­ғындарының басым көбі осы ба­ғыт­ты ұстанады.

Атырау қаласындағы Хиткрай се­кілді шағынаудандарда кейбір өзге мәзһаб өкілдері де бар. Бірақ олардың бар­лығы ислам шеңберіндегі мәз­һаб­тар болып саналады, сондықтан ай­тар­лықтай қауіп төндіріп отырған жағ­дай жоқ. Қоғамда тұрақтылық сақ­талған.

– Ал жат ағым өкілдерінің саны жө­нінде нақты мәлімет бар ма?

– Бүгінде облыста шамамен 4000-ға жуық адам дәстүрлі емес діни көз­қа­раста жүргені анықталды. Бұл мә­лі­меттерді көбіне олардың жақын­да­ры – ата-аналары, жұбайлары немесе әріп­тестері жеткізеді. Әрине, бұл – алаң­­даушылық тудыратын көрсет­кіш. Бірақ кейінгі жылдары осы ба­­ғыт­та жүр­гізілген жұмыстардың нә­тижесін­де көптеген азамат дәстүрлі ба­ғытқа қай­та оралып жатыр. Мы­салы, 2025 жыл­дың алғашқы он айын­­да 200-ге жуық адам дәстүрлі ис­­ламға бет бұр­ды. Олардың ара­сын­да жастар, жа­сөс­пірімдер, әйелдер де бар.

– Атырауда қанша діни бірлестік тір­келген және олардың бағыты қан­дай?

– Облыс көлемінде 70-ке жуық ді­ни бірлестік ресми түрде тіркелген. Олар­дың басым бөлігі ислам бағы­тын­дағы мешіттер мен қоғамдық ұйым­дар. Сонымен қатар аздаған сан­мен христиандық (православие, ка­толик) және протестанттық бағыт­тағы ұйымдар да жұмыс істеп келеді. Барлық бірлестік  заңнамаға сәйкес қызмет атқарып жатыр, олардың қыз­меті үнемі бақылауда.

– Қоғамда жиі талқыланатын мә­се­лелердің бірі – бет тұмшалау. Бұл бойын­ша еліміздің заңнамасында не де­лінген?

–  «Құқықбұзушылықтың алдын алу туралы» заңға сәйкес, қоғамдық орын­дарда адамның бет-әлпетін то­лық жауып тұратын киім киюге тыйым салынған. Бұл – діни сенімге қы­сым емес, қоғамдық қауіпсіздікті қам­тамасыз ету шарасы. Қоғамдық орын­дарға аялдамалар, қоғамдық кө­лік­тер, мемлекеттік мекемелер, сау­да орталықтары жатады. Ниқаб, па­ранжа, тіпті медициналық бетперде адам­ның тұлғасын тануға кедергі кел­тіретін элементтердің қатарына жа­тады. Бұл мәселе бойынша түсін­діру жұмыстары тұрақты түрде жүр­гізі­ліп келеді. Қыркүйек айында ғана біз базар сияқты ірі қоғамдық орын­дар­да облыс бойынша 20-ға жуық кез­десу өткіздік.

– Жастардың шетелде діни білім алуы – тағы бір маңызды тақырып. Бұл бағытта қандай реттеу бар?

– Қазақстан мұсылмандары діни бас­қармасының жолдамасымен Аты­раудан шетелге оқуға кеткен студент­тер­дің саны бүгінде 30-40 шамасында. Бұл – ресми, сенімді бағыт. Ал өз бе­ті­мен, бейресми діни оқу орталық­та­рына кеткендердің дипломдары Қа­зақстанда заңды түрде таныл­май­ды. Көбі тіл үйрену курстары аясында 3-6 ай ғана білім алады. Кейін елге ора­­лып, діни ұстаз ретінде дәріс беру­ге тырысатындар бар. Бұл – өте қа­уіп­­ті үрдіс. Мұндай «шәкірттер» көбіне араб тілін де жетік меңгермейді, сон­­­­­­дықтан білім сапасы төмен. Мы­сал ретінде айтар болсақ, Мысырда заң қабылданған – ата-анасының қа­рауынсыз жүрген балалар полиция тарапынан елге қайтарылады. Бұл ха­лықаралық тәжірибе еліміздегі қауіп­сіздікті сақтауға өз үлесін қоса­ды деп сенемін.  

– «Жусан» гуманитарлық опера­ция­­сы аясында Атырау облысына қан­ша адам қайтарылды? Оның ішінде қан­ша бала бар? Жалпы, ол аза­мат­тарды қоғамға бейімдеу жолында қан­дай жұмыстар атқарылып жатыр?

– «Жусан» операциясы   мем­ле­ке­­­­тіміздің үлкен гуманитарлық қада­мы болды. Қазақстанға «Жусан» опе­ра­циясынан 607 азамат оралды, олар­дың ішінде 37 ер адам, 157 әйел және 413 бала бар. Соның ішінде үш жетім ба­ла да болды.

Бүгінде «Жусан» операциясы ар­қы­лы елге қайтарылған атыраулықтар саны – 30-ға жуық әйел және 60-тан ас­там бала. Тамыз-қыркүйек айла­рын­да қақтығыс аймағына барып, жа­засын өтеген екі әйел азаматша бос­тандыққа шықты. Қазір олармен, сон­дай-ақ олардың балаларымен, от­басымен арнайы мамандар тұрақты жұ­мыс жүргізуде. Балалардың бір бө­лігі туыстарының қамқорлығына алын­ды, ал жақындары жоқ балалар Аты­раудағы «Шаңырақ» балалар үйін­де тәрбиеленіп жатыр. 

– Жастар арасында дінге қызығу­шылық деңгейі қандай?

– Жастар арасында дінге деген қы­­­­зығушылық артқаны байқалады. Біз жақында облыс көлемінде әлеу­мет­тік зерттеу жүргіздік, оған 2000-ға жуық адам қатысты. Нәтижесінде, 80 пайыз­дан астамы дінді қолдайтынын, өз­дерін мұсылман ретінде санай­ты­нын айтты. Иә, олардың бәрі діни рә­сім­дерді толық орындай бермейді. Бір­ақ дінге құрметпен қарайды. Жас­тардың көпшілігі рухани ізденісте. Қа­зір материалдық қажеттіліктер то­лық қамтамасыз етілсе де, рухани бос­тық бар. Бұл – оларды дінге же­те­лейтін фактор.

– Ал жастардың діни сауаттылы-ғы бұрынғыға қарағанда қандай дең­гей­де?

– Соңғы 10 жылмен салыстыра қа­ра­сақ, бүгінгі жастар діни тұрғыдан әл­деқайда сауатты. Олар кез келген ақ­паратқа сын көзбен қарайды, сұрақ қоя біледі, дәлел талап етеді. Яғни, со­қыр сенімге емес, парасатпен тү­сіну­ге ұмтылады. Түрмеде отырған­дар­дың көпшілігі кейіннен: «Біз бір адам­ның сөзімен ғана жүріппіз, өзі­міз ізденбеппіз» деп өкініп жатады. Бұл – діни білімнің терең әрі жүйелі бол­уы қажеттігінің дәлелі.

– Дінге қызыққан балаға ата-анаға қандай кеңес айтар едіңіз?

– Пайғамбар хадисінде: «Әр бала мұ­­сылман болып туады» делінген. Яғ­ни, оның әрі қарай қандай бағытта тәр­­биеленетіні ата-анасына бай­ла­ныс­ты. Егер бала дінге қызықса, оны шек­темей, керісінше, дұрыс бағыт көр­­сету керек. Мешітке, діни басқар­ма­ға апарып, сауатты мамандармен жо­лықтырған жөн. Себебі тәрбиесіз бе­­рілген білім – адамзаттың қас жауы, – дейді әл-Фараби. Сондықтан діни тәрбиені рухани және ұлттық құн­дылықтармен ұштастыра отырып беру қажет.

Қорыта айтқанда, Атырау облы­сында діни ахуал тұрақты, бірақ ба­қы­лауды әлсіретуге болмайды. Жат ағым­мен күрес, жастарды діни тұр­ғыдан дұ­рыс бағыттау, шетелде білім алып кел­гендермен жұмыс  өзекті мін­дет­тердің қатарында. Ең бастысы – діни сенімді адамзаттық құндылықтармен үйлестіру, зайырлы қоғам қағидат­тарын сақтау. 

– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан

Баян ЖАНҰЗАҚОВА