in

Қостанай облысындағы кітап оқу мәдениетін қалыптастырудағы серіктестік

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қоғамда жаппай кітап оқу мәдениетін қалыптастыру жөніндегі бастамасын жүзеге асыру мақсатында Қостанай қаласында 2025 жылғы 18 желтоқсан күні «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры мен «Олжа-Агро» ЖШС өңірдегі кітап оқу мәдениетін дамытуға арналған ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Құжатқа қордың атқарушы директоры Аян Қажимерұлы Сакошев және «Олжа-Агро» агрохолдингі бас директоры Әлішер Асанұлы Қожаназаров қол қойды.

Негізгі мақсат – Қостанай облысында «Кітап оқитын ұлт» жобасын жүзеге асыру арқылы тұрғындарды кітап оқуға баулу.

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры жобаның мазмұнын, шығармашылық және ұйымдастырушылық бөлігін толық қамтамасыз етеді, ал «Олжа-Агро» ЖШС жобаның қаржылық демеушісі ретінде қолдауды көрсетеді.

Бұл серіктестік мемлекет, б изнес пен қоғамдық ұйымның бірлескен күшімен кітап оқитын ұлт қалыптастыру бағытындағы бірлескен қадамдардың бастамасы .

Казіргі күні жобаға 55 мыңнан астам тұрғын қатысуда ,  бұл дегеніміз  – облыс халқының белсенділігінің жарқын дәлелі. Аудан орталықтарында, ауыл мектептерінде, кітапханаларда “Кітап оқу” марафоны жалғасып жатыр: балалар, студенттер, мұғалімдер, ата-аналар бір мезгілде бір кітапты оқып, оны талқылап, әлеуметтік желілерде суреттерін бөлісуде.

Жобаны «AMANAT» партиясының қолдауымен «Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қоры және Қостанай облысы әкімдігі жүзеге асыруда. Өңірлік демеуші – «Олжа-Агро» ЖШС агрохолдингі.

Қостанай облысы әкімінің орынбасары Бақытжан Нарымбетов:  –  Қостанай облысы әкімдігі ретінде біздің басты міндетіміз – қоғамдық ұйымдардың, бизнес өкілдерінің және мемлекеттік органдардың күш-жігерін біріктіру және қолдау. Қостанай облысында интеллектуалдық капиталды қалыптастыру,  бұл – біздің ортақ болашағымыздың негізі. «Кітап оқитын ұлт» жобасы – осы мақсатқа жетудің ең жарқын үлгісі.

«Олжа-Агро» ЖШС бас директоры Әлішер Қожаназаров: –   «Біз үшін кітап оқу – бұл тек мәдениет емес, интеллектуалдық капиталдың негізі. «Олжа-Агро» ретінде біз өңірдің дамуына үлес қосуға әрқашан дайынбыз. «Кітап оқитын ұлт» жобасына қолдау көрсету – біздің әлеуметтік жауапкершілігіміздің ең маңызды бағыты»

«Кітап оқитын ұлт – Читающая нация» қоғамдық қорының атқарушы директоры Аян Сакошев: –   «55 мың қатысушы – бұл тек сан емес, бұл біздің халықтың оқуға деген құштарлығының көрінісі. Бұл жоба кітап оқу индустриясын қайта жандандырады, жаңа оқырмандарды қалыптастырады және ұлттың рухани өсуіне серпін береді деген сеніміміз бар».