in

Құтқарушылар баланың аяғын босатты

Астана қаласы  Ы. Дүкенұлы көшесінде орналасқан үйлердің бірінде үш жасар ұл бала абайсызда аяғын жылу батареясының арасына қыстырып алып, өз бетінше шығара алмаған.

Оқиға орнына жедел түрде құтқарушылар келіп, гидравликалық құралдарды қолданып, баланың аяғын босатты.

Бала зардап шеккен жоқ және оған медициналық көмек қажет болмады, – дейді ТЖМ.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.