Актриса Айгүл Иманбаева әлеуметтік желіде мамандығы, шетелдегі оқуы жайлы айтты, – деп жазды Aikyn.kz.
Айтуынша, қазір төрт дипломы бар. Оның екеуі өнерге қатысты болса, бірі кәсіпкерлікке байланысты екен. Актриса осыған дейін өнерге қатысты мамандығының жемісін көргенін атап өтті. Сонымен қатар жеке мектебін ашып, қазір өзін кәсіпкерлік қырынан да көрсетіп жүр. Ал төртінші дипломын «Мәдениетті басқару» мамандығы бойынша алған. Ол үшін «Болашақ» бағдарламасымен Лондонда оқып келген еді.
«Мәдениетті басқару дегенде міндетті түрде әкім, министр болу міндетті емес. Оқырмандарымның арасынан «Үкіметтің ақшасына оқыдың, қашан қайтарасың? Жұмыс істемейсің бе?» дейтіндер бар. Мен жұмыс істеп жүрмін, басқарып жүрмін. Өнердегі жұмыстарым осыған келеді», – деп жауап берді актриса.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.