Актриса Жұлдыз Әбдікәрімова әлеуметтік желіде қысқа киім киген суретін жариялап, сынға қалды, – деп жазды Aikyn.kz.
Көпшілік оның киімі көпбалалы анаға сай келмейтінін айтқан.
“Киіміңізді ұзартсаңызшы, төрт баланы дүниеге әкелдіңіз ғой” , “Ұят деген болу керек, қарапайымдылық қайда?”, “Мұндай қысқа киімді киюге ар-ұятыңыз қалай жетеді?” – деп жазды желі қолданушылары.
Актриса оқырмандарына жауап берді. Ол киіну еркіндігіне шектеу болмауы тиіс екенін атап өтті.
“Адамның ар-ожданы киіммен өлшенеді деген өкінішті. Мен – төрт баланың анасымын. Бірақ бұл маған үкім шығарып, өзімді шектеу деген сөз емес. Өзіме үкім шығармаймын”, – деді Жұлдыз Әбдікәрімова.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.