Әзербайжанның жасөспірімдер құрамасының жартылай қорғаушысы Ибрагим Бабаев ресми түрде «Барселона» академиясының ойыншысы атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Келісімшартқа салтанатты түрде қол қою рәсімі жасөспірімдер футболын дамыту директоры Жоан Солер және «Ла Масияның» басшысы Хосе Рамон Алексанконың қатысуымен өтті.
Бабаев U-17 командасында өнер көрсетіп, «блаугранас» дайындау жүйесіне енген алғашқы әзербайжандық футболшы ретінде тарихта қалады.
Испанияға қоныс аударғанға дейін жас хавбек Швейцарияның «Серветт» жастар құрамасының намысын қорғап, 25 матч өткізіп, бес гол соққан. Айта кеткен жөн, ол әзербайжандық төлқұжатпен қатар Швейцария азаматтығына да ие, бұл оның болашақтағы мүмкіндіктерін кеңейтеді.