Астанада 35 жастағы ер адам алдымен әкесінің, кейіннен анасын қайтыс болды деп жалған ақпарат таратқан, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.
Жанашыр адамдар оған қаржылай көмек беріп, алаяқ адам шошырлық жолмен ақша жинап отырған. Тексеру барысында оның отбасы түгел аман-есен екені анықталды.
Осындай тәсілмен кемінде 10 алаяқтық дерегіне қатыстылығын тексеруде.
ҚР Қылмыстық кодексінің 190-бабы (алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.