in

Әліби Ыдырыс UFC алаңында алғашқы жекпе-жегін өткізеді

Қазақ файтері Әліби Ыдырыс бүгін түнде АҚШ-та өтетін UFC 319 турнирінде октагонға шығады. Оның қарсыласы – америкалық Джозеф Моралес.

Бұл жекпе-жек The Ultimate Fighter реалити-шоуының финалында өтеді. Жеңімпазға UFC-пен ресми контракт беріледі.

Турнир алдындағы дуэль-жиында Әліби Ыдырыс ерекше креативті шықты, бұл жанкүйерлердің назарын бірден аударды.

UFC 319 турнирі Чикагода өтеді. Әліби Ыдырыс кештің ашылу жекпе-жегінде өнер көрсетеді. Қазақстан уақыты бойынша турнир 17 тамызға қараған түні сағат 3:30-да басталады. Ал басты кард жекпе-жектері таңғы 7:00-де жоспарланған.