in

«Өзіміз сияқты өнегелі отбасы»: белгілі тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей жаңа құдаларын таныстырды

Белгілі журналист, тележүргізуші Гүлназ Әлімгерей әлеуметтік желіде отбасындағы қуанышын бөлісті. Ұлын үйлендірген ол Павлодар өңірімен құда болып жатқанын жазды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

«Біздің отбасымыздың географиясында еліміздің солтүстігі ғана болмай тұр еді. Алла бізді Павлодар өңірімен құдандалы-жекжатты етті. Жұрт айтпақшы, жап-жас, әп-әдемі құда-құдағи атандырған тұңғыштарымыз – Нұрасыл мен Камила», – деп жазды журналист.

Гүлназ Әлімгерей жаңа құдалары туралы жылы пікір білдіріп, оларды Голливуд жұлдыздарына теңеді.

«Құдай қосқан красавчик құдаларымызды Голливуд жұлдыздары – Том Круз бен Сальма Хайекке ұқсаттым. Бір көргеннен бір-бірімізді ұнаттық. Алла сыйластығымызды мәңгілік етсін», – деді ол.

Сонымен қатар журналист жаңа туыстарын қазақтың дәстүрін берік ұстанатын өнегелі жандар деп атап өтті.

«Өзіміз сияқты қазақы дәстүрді ұстанған өнегелі отбасымен құдаласуымыз мыңжылдық болсын!» – деп түйіндеді Гүлназ Әлімгерей.