Алматыда интимдік бейнематериалдарды тарату қаупімен жасалған бопсалауға қатысты іс тергеліп жатыр, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты almaty.suntimes-қа сілтеме жасап.
33 жастағы қала тұрғынының айтуынша, бұрын бірге тұрған әйелмен қарым-қатынас үзілгеннен кейін ол одан 25 миллион теңге мен көлікті атына аударуды талап еткен. Әйтпесе жеке материалдарын “жариялаймын” деп қорқытқан.
Ер адамның сөзінше, қысым көрсетумен қатар өзін полиция қызметкерлеріміз деп таныстырған бейтаныс адамдар келген және жоқ қарыздар туралы қолхаттар жасалған. Қоқан-лоққыға қарамастан, бейнематериалдардың бір бөлігі оның туыстары мен әріптестеріне таратылып, абыройына нұқсан келтіріп, әлеуметтік оқшаулануына себеп болған.
Жәбірленуші әйелді қылмыстық жауапкершілікке тартуға ниетті. Қазіргі уақытта ол құқық қорғау органдарына ресми шағым дайындап жатыр.