Дзюдодан Қазақстан әйелдер құрамасының көшбасшысы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Абиба Әбужақыноваға тағы бір көлік сыйға берілді. Бұл туралы спортшы Instagram парақшасында жазды, деп хабарлайды Aikyn.kz.
“Бүгін әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанғаныма Jenys клубы көлік атады. Ел мерейін үстем еткенде клубымыз да бізді әрқашан қолдап, жетістігімізге ерекше қуанып отырады. Өте қуаныштымын және Jenys клубыма ризашылығымды білдіремін”, – деп жазды ол.
Айта кетейік, Абиба Абужақынова жуырда Будапештте өткен әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алған еді. Абиба – қазақ қыздарының арасында мұндай жетістікке жеткен алғашқы дзюдошы.
Бұл жетістігінен кейін Абиба әлемдік рейтингтегі нәтижесін жақсартып, бірден екінші орынға көтерілді.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
Публикация от Abiba Abuzhakynova (@abiba48)
Публикация от Abiba Abuzhakynova (@abiba48)