in

«12 жастағы қызды зорлаған»: Алматы облысында жасөспірім қамауға алынды

Алматы облысында жасөспірім 12 жастағы қызды зорлаған деген күдікпен қамауға алынды, – деп хабарлайды Aikyn.kz КТК арнасына сілтеме жасап. 

Жаға ұстатарлық жағдай Жамбыл ауданындағы Еңбекшіарал ауылында болған. Күдікті ретінде ұсталған кәмелетке толмаған бала уақытша ұстау изоляторына қамалған. Сонымен қатар  күдіктінің ата-анасы бала тәрбиесіне немқұрайлы қарағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды. 

Қазір тиісті сараптамалар тағайындалып, оқиғаның мән-жайы анықталуда. Қылмыстық іс Алматы облыстық Полиция департаменті басшылығының ерекше бақылауына алынған. 

— Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті – кәмелетке толмаған тұлға ұсталып, сот санкциясымен оған бұлтартпау шарасы ретінде қамауға алу түрі қолданылды. Қазіргі уақытта болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты, толық және объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүргізілуде, – деп мәлімдеді Алматы облыстық ПД өкілдері.