Қазақстан құрамасы Эр-Риядта өткен Ислам ынтымақтастығы ойындарын 7-орынмен аяқтады, – деп хабарлайды Aikyn.kz
Спортшылар жалпы 56 медаль жеңіп алды: 15 алтын, 20 күміс, 21 қола.
Негізгі жетістіктер:
Ауыр атлетика: Нұрғиса Әділетұлы — үш алтын.
Үстел теннисі: Командалық және жекелей сайыста Кирилл Герасименко — екі алтын.
Семсерлесу: Ерлер командалық сайыс — алтын.
Дзюдо: Аруна Джангельдина — алтын.
Муай-тай: Тұрар Дүйсехан — алтын.
Жүзу: Софья Сподаренко — екі алтын.
Қазақстан спортшылары 23 спорт түрінің 15-інде бақ сынап, жарқын жеңістерге қол жеткізді.
Медаль кестесінде Түркия — 1-орында, Қазақстан — 7-орында.
