Астаналық клуб өз алаңында «Сібірге» қарсы матчта 0:2 және 2:4 есебінен қайтып, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Басты қаһарман – 20 жастағы қазақстандық Семен Симонов, ол дубль жасады. Тағы Дмитрий Бреус, Джейк Масси, Иан Маккошен және Мэйсон Морелли көзге түсті.
Бұл жеңістен кейін «Барыс» үш сатыға көтеріліп, плей-офф аймағына (7-орын, 9 ұпай) қайта оралды. Алдағы ойындар:
29 қыркүйек, 19:30 – «Адмиралға» қарсы
1 қазан, 19:00 – «Локомотивке» қарсы (КХЛ-дың қазіргі чемпионы).