in

5 қыркүйекте еліміздің бірнеше өңірінде дауылды ескерту жарияланды

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамынша, 5-6 қыркүйек күндері Қазақстанның бірқатар облыстарында қатты жел соғып, нөсер жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Кей өңірлерде өрт қаупі жоғары, ал кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Жетісу облысы – солтүстік-шығыстан жел, екпіні 15–20 м/с.

Батыс Қазақстан – нөсер, бұршақ, найзағай, дауыл; жел 15–20 м/с. Өңірдің оңтүстігі мен солтүстігінде жоғары, батысында төтенше өрт қаупі.

Атырау облысы – найзағай, бұршақ, дауыл; жел 15–20 м/с. Көпшілік аумақта өрт қаупі жоғары.

Алматы облысы – 5–8 қыркүйекте жоғары және төтенше өрт қаупі. Алматы мен Қонаевта да сақталады.

Қызылорда облысы – түнде шаңды дауыл, жел 15–20 м/с. Төтенше өрт қаупі.

Қарағанды облысы – шығыс, солтүстік-шығыстан жел 15–20 м/с. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі.

Абай облысы – түнде және таңертең тұман; күндіз жел 15–20 м/с.

Ұлытау облысы – жел 15–20 м/с. Өрт қаупі жоғары, шығысында – төтенше.

Шығыс Қазақстан – түнде тұман, кей жерлерде үсік (–1°С). Оңтүстігінде өрт қаупі жоғары.

Маңғыстау облысы – найзағай, шаңды дауыл, жел 15–20 м/с. Ақтауда төтенше өрт қаупі.

Қостанай облысы – найзағай; жел 15–20 м/с. Оңтүстігінде төтенше, батысында жоғары өрт қаупі.

Түркістан облысы – таулы аудандарда жел 15–20 м/с. Өңір бойынша төтенше өрт қаупі.

Павлодар облысы – түнде және таңертең тұман.

Ақтөбе облысы – найзағай; жел 15–20 м/с. Көпшілік аумақта жоғары, оңтүстігі мен шығысында төтенше өрт қаупі.

Солтүстік Қазақстан – найзағай, тұман; күндіз жел 15–20 м/с.

Ақмола облысы – жел 15–20 м/с, өрт қаупі жоғары.

Жамбыл облысы – таулы аудандарда жел 15–20 м/с, төтенше өрт қаупі.

 

Тұрғындарға ауа райының қолайсыз жағдайларына байланысты сақтық шараларын қатаң сақтау ескертіледі.