in

Air Astana: арзан билет алған жолаушыларға кино көруіне тыйым салған

Әлішер Төреғали деген азамат  әлеуметтік желідедегі нақты айтсақ, Threads парақшасында еліміздегі алпауыт авиакомпанияға шағымданып жазба қалдырды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.  

Оның   айтуынша,  Air Astana арзан билетпен отырған жолаушыларға ұшақ ішінде кино көруіне тыйым салған.

– Бізді белгісіз себептермен FlyArystan рейсінен Air Astana-ға аяқасты ауыстырып салды.   Алайда билетіміз FlyArystan-нан болғандықтан, ұшақ ішінде фильм көруге тыйым салынды. Түсінгенімдей, дәл осы себептен де кеш ұшқан секілдіміз, – деп жазды ол.

Оның сөзінше, тіпті киноны өз құлаққабымен көруге де рұқсат бермеген. Оқиға 9 шілде күні Астана-Алматы бағытына ұшқанда болған.

Жігіттің бұл жазбасын көпшілік әзіл деп қабылдаған. Десе де, сол жазбаның қаралымы 150 мыңға жеткен. Нәтижесінде, Air Astana үн қатып, бұл жағдайға түсініктеме берген.

FlyArystan рейсі Air Astana ұшағына ауыстырылған жағдайда, қызмет көрсету FlyArystan-ның бюджеттік стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Мультимедиялық жүйені пайдалану үшін арнайы құлаққапты жүктеу керек. Ал FlyArystan рейстерінде ондай құлаққаптар берілмейді. Сондықтан бұл қызмет қолжетімсіз. Қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз”, – делінген компания жауабында.