in

«AMANAT»: Партия филиалы 9 айда атқарылған жұмысты қорытындылады

Негізінен аймвқтық партия филилында партияның сайлауалды бағдарламасының орындалуы жоғары нәтижеге ие. Бұл тұрғыда 9 ай шеңберінде өңірде сайлауалды бағдарлама бойынша жоспарланған жұмыстардығ 32 пайызы орындалған.   Нақты айтқанда, арнайы әзірленген Жол картасы бойынша 110 іс-шараның  35-і  атқарылса,  75-і орындалу сатысында тұр. 

«Осы орайда атқарылған жұмыстар барысына тоқталып өтсем, есепті мерзімде облысқа қарасты Қармақшы ауданының ІІІ-Интернационал және Дүр Оңғар ауылдарында спорт кешендері ашылды. Бұған қоса өңірде «Келешек мектептері» ұлттық жобасы аясында 3300 орындық 5 мектеп пайдалануға берілсе, 2 елді мекен газбен қамтамасыз етіліп, 3,7 мың адамның көгілдір отын игілігін көруіне жағдай жасалды. Сонымен қатар түрлі бағыт бойынша жасалып жатқан жұмыстар ауқымды. Тиісті жұмыстар жоспарға сәйкес кезең-кезеңімен іске асырыла беретін болады», – деді Ләйлә Төрешова. 

Партия филиалының атқарушы хатшысы мәлімдегендей, есепті мерзімде аймақта 1 аудан, 52 ауылда әкімдер сайлауы өтіп, саяси науқанда «AMANAT» партиясынан ұсынылған үміткерлер жеңіске жетуі жоғары көрсеткіш көрсетті. 

Сонымен қатар партиялық бақылау комиссияларының аймақтық және аумақтық деңгейлерде 73 отырысы өтіп, оларда көтерілген 466 ұсыныстың 329-ы орындалған. Сайлауалды бағдарламаны өңірде іске асыру басталған кезеңнен бастап 84 нысанға партиялық бақылау бекеттері орнатылса, бүгінгі күнге  77 нысан  пайдалануға берілген. 7 нысан құрылысы партиялық бақылауда тұр. 

Партиялық бақылау комиссияларымен қатар барлық деңгейдегі мәслихаттардағы фракциялардың жұмысы жаңа жолға қойылып отыр. Соның негізінде есепті кезеңде мәслихаттардағы фракциялардың 45 отырысы өткізіліп, фракция мүшелерімен тиісті органдарға 630 депутаттық сауал жолданған. Сонымен бірге түрлі мәселелер бойынша нақты практикалық шешімдерді әзірлейтін диалог алаңдарына айналған партия жанындағы Кеңестердің 45 отырысы өтіп, оларда қаралған 135 мәселе бойынша 197 ұсыныс тиісті органдарға жолданған. Сол сияқты қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 6092 арыз-өтініш түсіп, 62,8 пайызы оң шешілсе, 2170 өтініш бойынша заңнамалық түсіндірмелер мен құқықтық кеңестер берілген. 

«Қай кезде де партия үшін әрбір азаматтың өтініші маңызды. Осы орайда шалғай елді мекендер тұрғындарының өзекті мәселелерін оңтайлы шешу үшін жыл басынан 94 елді мекенде мобильді қабылдау ұйымдастырылып, оларда  876 мәселе қаралды. Нәтижесінде 499 мәселе оң шешіліп, (56,9%) 364 өтініш бойынша қолданыстағы заңнамалар аясында нақты түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Қазіргі уақытта қалған 13 мәселе бойынша жұмыс жасалып жатыр. Қоғамдық қабылдау жұмыстары ірі бастауыш партия ұйымдарында да өткізілуде. Ең бастысы, қабылдауларға түскен бірде-бір өтініш қараусыз қалмай, тиісті  жұмыстар атқарылып жатыр», – деді партияның облыстық филиалының атқарушы хатшысы.

Осы орайда атап өткен абзал, өңірде әрбір стратаны қамтитын партияның 11 жобасы бар. Жобалар аясында есепті мерзімде 35 485 азаматтың қатысуымен 1013 шара өткізілген. Соның ішінде «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында 322 іс-шара ұйымдастырылып, жалғызбасты ардагерлерге түрлі бағыттағы көмектер көрсетілсе,  «Кедергісіз келешек» жобасы аясында 208 шара өткізілген.  Бұл бағытта 21 бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізіліп, 14 тұрақты, 69 мүмкіндігі шектеулі азаматты уақытша жұмысқа тұруына қолдау жасалған. Сол сияқты «Бақытты отбасы» жобасы аясында әлеуметтік аз қамтылған 124 отбасыға демеушілер есебінен қайырымдылық көмектер көрсетілген. Нақты айтқанда аталмыш жоба аясында партияның бастамасымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Баланы мектепке дайындайық!» акциясы өткізіліп, 1914 бала мектепке қажетті жабдықтармен қамтамасыз етілген. Сонымен қатар «Жер аманаты» жобасы бойынша биылға жоспарланған 60,0 мың гектардың бүгінге 51 мың гектары қайтарылып отыр.

Ал атқарылған жұмыстардың насихатталуы бойынша есепті кезеңде бұқаралық ақпарат құралдарында 1092, әлеуметтік желілерде 8346  материал жарияланыпты. 

Ербақыт ЖАЛҒАСБАЙ,

Қызылорда облысы