in

Bosch блендерін полицияға пара ретінде берген шетелдік ұсталды

Түркістан қаласының ауданаралық соты Молдова азаматын жауапқа тартты. Бұл туралы  Aikyn.kz «Отырар» телеарнасына сілтеме жасап, хабарлайды.

Былтыр қараша айында шамамен 600 мың теңге айыппұлы бар жүк көлігінің иесін тоқтатқан. Шетелдік азамат жазадан құтылу үшін полицейге 10 мың теңге мен құны 3833 теңге тұратын  Bosch блендерін берген. Шетелдік азаматтың үстінен қылмыстың іс қозғалды. Жүргізуші кінәсін мойындады. Оған 155 621 теңге айыппұл салынды. Ол енді ұсынған соманы 15 есе етіп төлеуге міндетті. 

Бұған дейін кәсіпкерден  18 миллион теңге алған департамент басшысы туралы жазған болатынбыз.