in

ChatGPT-ден көшірмейтін оқушылар – отбасында білім мен ілімнің маңызын, құндылығын түсініп өскендер

Quartz сайтындағы материалға сүйенген Aikyn.kz  ChatGPT-ге көшкен пайдаланушының өзгерген мінез-құлқын талдайды.

ChatGPT-ден саналы түрде көшірмейтін оқушылар – білім мен ілімнің маңызын, құндылығын түсініп өскендер. Фото kidsacademy.mobi сайтынан алынды

Egnyte бұлтты есептеулер компаниясының бас директоры Винит Джейн төрт күн бойы Google Search іздеу қызметін қолданбауға шешім қабылдайды. Осы күндері қолданған ChatGPT секілді ЖИ-интерфейстерінің қарапайымдылығы менеджерді таңғалдырады. Бұдан кейін оның 15 жастағы ұлының «Біз енді Google-ді қолданбаймыз. Бәрін ChatGPT арқылы жасаймыз» деген сөздері Google-дің болашағына төнген қауіпті үрдісті айқын көрсеткен.

Google-дің іздеу бизнесі оның жарнама арқылы түсетін табысының негізгі көзі. 2025 жылдың алғашқы тоқсанында осы табыс көзінен 50,7 миллиард доллар түскен. Компанияның Safari браузерінде іздеу жүйесі ретінде алдын ала орнатылуы үшін Apple-ге 20 миллиард доллар төлеуі де оның нарықтағы үстемдігін сақтау үшін қандай ресурстарға әзір екенін дәлелдейді.

Алайда ChatGPT, Claude немесе Perplexity сияқты ЖИ құралдары сұрақтарға тікелей жауап беріп, дәстүрлі сілтемелер мен жарнамалық блоктарды айналып өтуде. Бұл – Google-дің бизнес-моделіне төнген тікелей қауіп.

Google Gemini және басқа ЖИ шешімдерін ендіріп жатқанымен, компания жарнама арқылы табыс табуды жалғастыру мақсатында ЖИ-ді толық түрде қолдана алмай отыр. Яғни, қолданушы сұранысын жылдам әрі нақты жауаппен қанағаттандыру мен жарнама көрсету қажеттілігі арасында қайшылық туындайды.

Google жарнамалық бизнесін сақтау үшін болашаққа дайын болмай қалуы мүмкін. Иллюстрация eon8.com сайтынан алдынды

Тамызда сот шешімі шығады деп күтіліп отырған Google-дің антимонополиялық ісі – мәселенің тек көрінетін бөлігі. Ең қауіпті фактор – қолданушылардың мінез-құлқының өзгеруі. ChatGPT миллиард сұранысқа екі жылда қол жеткізсе, Google-ге бұл үшін 11 жыл қажет болған.

Соңғы онжылдықтар көрсеткендей, Microsoft Windows монополиясын қорғап жүріп, мобильді революциядан құр қалған еді. Сол сияқты Google да өз жарнамалық бизнесін сақтау үшін болашаққа дайын болмай қалуы мүмкін. Генеративті ЖИ тек балама құрал емес,  ол іздеудің өзін жаңа мазмұнмен толықтырады.

Google бұл қауіп туралы бұрыннан біледі. 2011 жылы экс-CEO Эрик Шмидт іздеу болашағы – алгоритмдік нақты жауаптарда екенін айтқан. Бұл болашақ қазірдің өзінде іске асып жатыр. Бірақ Google-дің бизнес моделі оған кедергі келтіруде.

Google әлі де күшті ойыншы. Бірақ болашақты қорғау өткенді сақтауға қарағанда маңыздырақ. ChatGPT мен ЖИ-дің дамуы – іздеудің жаңа дәуірін бастайды. Google сол дәуірдің көшбасшысы бола ма, жоқ әлде өткен күннің елесі болып қала ма – оны уақыт көрсетеді. Әзірше, америкалық радиодағы көңілді сұхбатты ұсынамыз: 

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.