«Бумажный дом» сериалының авторы мен қазақстандық продюсерлердің Netflix-ке арналған жобасы Comic Con Astana фестивалінде таныстырылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Comic Con Astana 2025 фестивалінде Қазақстан мен Испания арасындағы алғашқы халықаралық бірлескен жоба – «Бітім» (La Tregua) фильмінің тұсаукесері өтеді. Туынды жаһандық прокат пен Netflix стриминг платформасына арналып түсірілген.
Карлагтың қайғылы тұстарын қозғайтын «Бітім» (La Tregua) фильмін режиссер Мигель Анхель Вивас түсіруде. Оның шығармашылық қорында аты аңызға айналған «Бумажный дом» (La Casa de Papel) сериалындағы эпизодтар, Мэттью Фокс түскен постапокалиптикалық триллер Extinction («Вымирание») және хоррор Inside («Внутри») фильмі бар.