in

European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімі жарияланды

Халықаралық дзюдо федерациясы (IJF) Польшаның Варшава қаласында өтетін European Open 2026 турниріне қатысатын балуандардың тізімін жариялады . Бұл туралы ҚР Ұлттық олимпиадалық комитет мәлім етті , – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Байрақты бәсекеде қазақстандық балуандар да белдеседі. Ұлттық құраманың тізімі төмендегідей.

Ерлер

60 келіге дейін: Сұңғат Нұрлатұлы, Нұрдәулет Мейрамбеков, Асылхан Зейнуллин, Тоқтар Үмітәлиев

66 келіге дейін: Мейірбек Байзақов, Нұрсұлтан Зайзағалиев, Ақжігіт Насыр

73 келіге дейін: Мәди Жеткерген, Ерсұлтан Дүйсенхан

81 келіге дейін: Азат Күмісбай, Жалғас Қайролла, Айғали Қалдыбек, Ерзат Арғынов

90 келіге дейін: Ақжол Дүйсенбаев, Данил Крылов, Айбол Нысанәлі

100 келіге дейін: Асқар Біржанов

100 келіден жоғары: Санжар Жабборов

Әйелдер

48 келіге дейін: Тасним Әбдуәлі, Іңкәр Құралбай, Аяна Дүйсенбай

52 келіге дейін: Меруерт Сәрсенова, Аружан Ережепова

57 келіге дейін: Карина Қаракенова

63 келіге дейін: Асылжан Орынбасарова, Самалай Ерғалиева, Ханзада Қайратова, Дәмелі Асылханова

70 келіге дейін: Мөлдір Нарынова, Кристина Сотникова

78 келіге дейін: Шынар Абатова, Аруна Жангельдина

78 келіден жоғары: Камила Берліқаш

Айта кетейік, турнир 14-15 наурыз аралығында өтеді.

  Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.