Qalleki театр лабораториясы ұсынған қойылым театр сүйер қауымның үлкен қызығушылығын тудырды.
«Шеңбер» – адамгершілік, әділет және ана махаббаты секілді тақырыптарды қозғайтын терең мазмұнды қойылым. Эпикалық драма жанрында сахналанған бұл туынды көрерменді түрлі сезім мен ойға жетелеп, уақыт пен кеңістіктен тыс адамзаттық құндылықтарды таразылауға мүмкіндік береді.
Спектакльде Брехтке тән оқшаулану әдісі қолданылған, бұл эпикалық драманың ерекшеліктерінің бірі ретінде актерлік ойын мен көрермен арасындағы байланысты жаңаша ұғынуға жол ашады.
Қойылым көрерменнің жан дүниесін қозғап қана қоймай, адамгершілік туралы терең ой салады.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.