Бүгін, 26 тамызда Respublica партиясы Орталық кеңесінің отырысында Құрылтайда партия атынан өкілдік ететін депутаттардың есімі бекітілді, деп хабарлайды astana24.com.
Respublica партиясының сайтында жарияланған ақпаратқа сай, орталық кеңес партиялық тізімдегі 9 кандидаттың кезектілігін анықтады. Оларға депутаттық мандаттар бөлінеді. Сондай-ақ тиісті құжаттарды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына жолдау туралы шешім қабылданды.
Respublica фракциясының құрамында VIII шақырылымдағы мәжілістің 5 депутаты Құрылтайдағы парламенттік жұмысын жалғастырады. Тағы 4 кандидат депутаттық мандатқа алғаш рет ие болады.
Осылайша, Құрылтайға Respublica партиясынан мына азаматтар өтеді:
Бекжан Айтқұлов;
Руслан Идрисов;
Мейірхат Қасымбаев;
Олжас Күспеков;
Динара Наумова;
Екатерина Смолякова;
Нұргүл Тау;
Махамбет Хасенов;
Айдарбек Қожаназаров.
Депутаттық мандаттарды бөлу кезінде ҚР сайлау туралы заңнамасының талаптары сақталғаны атап өтілді. Оның ішінде әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдардың өкілдігіне қатысты талаптар орындалды.
