in

UFC-дегі жарқын дебют: Әліби Ыдырыс төрешілер шешімімен Осборнды жеңді

«Қазгидромет» РМК синоптиктері 22 ақпанда еліміздің басым бөлігінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.

Түркістан облысы

Облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, түнде және таңертең тау асуларында желдің екпіні 15-20 м/с болады.
Шымкент қаласында 22 ақпанда түнде және таңертең тұман күтіледі.
Түркістан қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Маңғыстау облысы

Облыстың солтүстігі мен орталығында тұман күтіледі. Солтүстік-шығыстан жел соғады, таңертең және күндіз батысы мен орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.
Ақтау қаласында 22 ақпанда солтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-18 м/с болады.

Ұлытау облысы

Солтүстігі мен шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Күндіз солтүстігінде қар, бұрқасын, ал орталығында жаңбыр мен қар түріндегі аздаған жауын-шашын, жаяу бұрқасын және көктайғақ болжанады.
Солтүстігінде, шығысында және орталығында тұман болады. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Жезқазған қаласында күннің соңында аздаған жауын-шашын (жаңбыр, қар), жаяу бұрқасын және көктайғақ күтіледі. Кей уақыттарда тұман болады. Желдің екпіні күндіз 15 м/с.

Қарағанды облысы

Солтүстігі мен шығысында қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз батысында қар, бұрқасын, ал солтүстігі мен шығысында аздаған қар және жаяу бұрқасын болады.
Шығысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Батыстан және оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қарағанды қаласында түнде қар, жаяу бұрқасын, күндіз аздаған қар болжанады. Желдің екпіні 15 м/с.

Алматы облысы

Оңтүстігінде және таулы аудандарында тұман, жолдарда көктайғақ күтіледі. Шығыстан және оңтүстік-шығыстан жел соғады, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Алматы қаласында және Қонаев қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Абай облысы

Орталығында қар мен бұрқасын күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, түнде орталығында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Батыс Қазақстан облысы

Солтүстігі мен шығысында аздаған қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Батысы, солтүстігі және шығысында тұман болады.
Орал қаласында түнде және таңертең тұман күтіледі.

Астана қаласы

Кей уақыттарда қар мен бұрқасын күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с болады.

Шығыс Қазақстан облысы

Батысында қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Солтүстігі мен оңтүстігінде тұман болады. Шығыстан жел соғып, түнде батысында екпіні 15-20 м/с жетеді.

Қызылорда облысы

Орталығында тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан және батыстан жел соғып, күндіз солтүстігінде екпіні 15-20 м/с болады.
Қызылорда қаласында кей уақытта тұман күтіледі.

Қостанай облысы

Қар мен жаяу бұрқасын күтіледі. Түнде батысында, күндіз солтүстігі мен шығысында қатты қар болжанады. Оңтүстігінде көктайғақ болады. Батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, күндіз екпіні 15-20 м/с жетеді.
Қостанай қаласында да қар мен жаяу бұрқасын күтіледі.

Ақтөбе облысы

Батысы мен солтүстігінде қар, жаяу бұрқасын күтіледі. Күндіз солтүстігі мен шығысында аздаған қар болады. Батыстан және солтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-18 м/с жетеді.

Жетісу облысы

Орталығында, таулы және тау бөктеріндегі аудандарында кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, шығысында және таулы аудандарында екпіні 15-20 м/с, ал Алакөл көлдері маңында 23-28 м/с жетеді.
Талдықорған қаласында түнде және таңертең кей уақыттарда тұман болады.

Павлодар облысы

Батысы мен оңтүстігінде қар, бұрқасын күтіледі. Шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.

Солтүстік Қазақстан облысы

Қар, бұрқасын күтіледі. Күндіз батысы мен оңтүстігінде қатты қар болады. Батысы мен оңтүстігінде тұман күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с, ал батысы мен оңтүстігінде 23-28 м/с жетеді.
Петропавл қаласында қар мен бұрқасын күтіледі.

Жамбыл облысы

Кей уақыттарда тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан жел соғып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Тараз қаласында да кей уақыттарда тұман болады.

Ақмола облысы

Қар мен бұрқасын күтіледі. Күндіз батысы мен солтүстігінде қатты қар болады. Оңтүстік-батыстан соғатын жел оңтүстік-шығысқа ауысып, екпіні 15-20 м/с жетеді.
Көкшетау қаласында кей уақыттарда қар және жаяу бұрқасын күтіледі.