Қазіргі Конституцияның 30бабында орта білімнің тегін әрі міндетті екені, мемлекеттік жоғары оқу орындарында конкурстық негізде жоғары білім алу құқығы кепілдендірілгені және барлық оқу орындары үшін бірыңғай жалпыға міндетті стандарттар белгіленетіні айқын жазылған. Ал жаңа Конституция жобасында бұл кепілдіктер толық сақталған. Оның үстіне, норма кеңейтілді. Енді міндетті білім беру тек орта біліммен шектелмей, бастауыш білім де міндетті саналады. Осылайша, мемлекет әрбір баланың білім алуының алғашқы сатыларынан бастап базалық білім деңгейіне жауапкершілікті арттырып отыр.

in Жаңалықтар