Мемлекет басшысының өкімімен Айбек Серікбайұлы Смадияров Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.
Айбек Смадияров 1983 жылғы 7 шілдеде Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. Ол Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетін бітірген.
2005 жыл – “Қазақстандағы Қытай Банкі” АҚ әкімшілік департаментінің маманы.
2006–2008 жылдар – ҚР СІМ консулдық қызмет департаментінің маманы.
2008–2010 жылдар – ҚР СІМ Еуропа департаментінің атташеcі, үшінші хатшысы.
2010–2012 жылдар – ҚР-ның Венгриядағы Елшілігінің үшінші хатшысы.
2012–2013 жылдар – Президенттің баспасөз қызметінің сарапшысы.
2013–2014 жылдар – ҚР СІМ Сыртқы саяси талдау және болжау комитетінің бірінші хатшысы.
2014–2018 жылдар – ҚР-ның Вьетнамдағы Елшілігінің екінші, бірінші хатшысы.
2018–2019 жылдар – ҚР СІМ баспасөз қызметінің басшысы.
2019–2023 жылдар – Халықаралық ақпарат комитетінің төраға орынбасары – ҚР СІМ баспасөз хатшысы.
2023–2025 жылдар – Коммуникациялар департаментінің директоры – ҚР СІМ ресми өкілі.
2025 жылғы наурыздан бастап Халықаралық ақпарат комитетінің төрағасы – ҚР СІМ ресми өкілі қызметін атқарды.
