in

Асылтұқымды мал шаруашылығын дамытуға қатысты субсидиялау қағидасына өзгерістер енгізілді

Отандық өндірушілерді қолдау және асыл тұқымды мал сатып алу кезіндегі қаржылық жүктемені азайту мақсатында Ауыл шаруашылығы министрінің 2025 жылғы 18 қарашадағы № 428 бұйрығымен асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту, мал өнімдерінің өнімділігі мен сапасын арттыруды субсидиялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Атап айтқанда, отандық және импорттық асыл тұқымды мал сатып алуға берілетін субсидиялар нормативтері қолданыстағы мөлшерден 75 пайызға арттырылды.

Құжат 2025 жылғы 20 қарашада № 37444 тіркеу нөмірімен Әділет министрлігінде тіркелді.
2025 жылғы 24 қарашада ҚР нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінің сайтында электрондық түрде жарияланып, 2025 жылғы 5 желтоқсаннан бастап күшіне енеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM   арнасынан табасыз.