Ақмола облысында қатты аяз кезінде полиция қызметкерлері жолда қиын жағдайға тап болған жүргізушілерге жедел көмек көрсетілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Астана-Щучинск автожолында ауа температурасы –26 градусқа дейін төмендеп, бірнеше автокөліктің дизель отыны қатып қалған. Салдарынан жүк көлігінің ауа жүйесі істен шыққан. Көлікте Қырғыз елінің азаматтары болған. Полицейлер оларды Ақкөл қаласына жеткізіп, қонақүйге орналастырды, ал жүк көлігі жылы боксқа қойылып, келесі күні жөнделді. Жолаушылар аға инспекторлар Константин Мусин мен Жеңіс Әлібековке алғыс білдірді.
Сондай-ақ Mercedes Vito автокөлігінің дизель отыны қатып қалғаны анықталды. Полиция жол ұйымдарының көмегімен көлікті Бозайғыр елді мекеніне дейін эвакуациялап, жүргізуші мен жолаушыны жолай өткен көлікке отырғызды. Олар патрульдік инспекторлар Нұрсұлтан Сағындықов пен Азат Мұхатаевқа ризашылығын жеткізді.
