Ақтөбе облысы «Северная Трува» кен орнынан 30 шақырым жерде, «Мамытов» шаруа қожалығының ауданында 1966 жылы туған ер адамды іздестіру жүргізілді, – деп хабарлайды Aikyn.kz. Ол жылқымен мал іздеуге шығып, ұзақ уақыт байланысқа шықпаған.
Іздестіру-құтқару операциясын жүргізу үшін ТЖД, ПД, ЖАО өкілдері, сондай-ақ шаруа қожалығының қызметкерлері жұмылдырылды.
Іздестіру топтарының үйлесімді әрекеттерінің арқасында жоғалған адам табылды.
Ол медициналық көмекке мұқтаж болған жоқ.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
