Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры болып тағайындалды, деп хабарлайды astana24.com Ақордаға сілтеме жасап.
"Мемлекет басшысының жарлығымен Берік Ноғайұлы Асылов Қазақстан Республикасының бас прокуроры лауазымына тағайындалды", – делінген Ақорда хабарламасында.
Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 3 наурызда палата отырысында сенат депутаттары Берік Асыловтың бас прокурор лауазымына кандидатурасын мақұлдады. Тағайындау туралы жарлыққа мемлекет басшысы қол қойды.
Өмірбаяны
Қазақстан Бас прокуратурасының ресми сайтындағы ақпаратқа сәйкес, Асылов Берік Ноғайұлы 1964 жылы 28 ақпанда Жамбыл облысында дүниеге келген.
С.М. Киров атындағы орта мектепті бітіргеннен кейін, Литва Республикасының Каунас қаласында КСРО Әуе қорғаныс күштерінің қатарында әскери борышын өтеген.
1991 жылы С.М. Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде "құқықтану" мамандығы бойынша жоғары білім алған.
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен 2024 жылғы 6 мамырда 1-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі сыныптық шені берілді.
Қызметтік борышын үлгілі атқарғаны, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге, конституциялық құқықтар мен бостандықтарды қорғауға қосқан үлесі үшін:
Қазақстан прокуратура органдарының құрметті қызметкері, "Прокуратураның құрметті қызметкері" төсбелгісі табыс етілген.
Қазақстан президентінің жарлықтарымен мемлекеттік наградалармен – 2005 жылы "Ерен еңбегі үшін" медалімен, 2011 жылы ІІ дәрежелі "Даңқ" орденімен және 2017 жылы І дәрежелі "Даңқ" орденімен марапатталған, осы орденнің толық кавалері. 2026 жылы І дәрежелі "Барыс" орденімен марапатталды.
Борышын үлгілі атқарғаны үшін Ішкі істер министрінің, Қорғаныс министрінің, ҰҚК Төрағасының, Төтенше жағдайлар министрінің, Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының ведомстволық медальдарымен бірнеше рет марапатталған.
Үйленген, бес бала тәрбиелеп отыр.
Мансабы
Еңбек жолын Алматы қаласы Алатау ауданы прокуратурасында тағылымдамашы қызметінен бастаған.
