in

Бибігүл Төлегенова «Еңбек Ері» атағын алған ба?

Аты аңызға айналған әнші Бибігүл Төлегенованың халін біліп, арнайы үйіне барып, кіріп шыққан әріптес сіңлілері оған әлі күнге дейін «Еңбек Ері» атағы берілмегенін айтты, – деп хабарлайды Аikyn.kz. Бұл туралы әнші Мақпал Жүнісова өзінің Instagram парақшасында жазды.

Оның айтуынша, қазақтың бұлбұл әншісі 95 жасқа келгеніне қарамастан атақ алмаған.

– Қазақтың ұлы әншісі, бұлбұлына Бибігүл Төлегеноваға осы күнге дейін «Еңбек Ері» деген атақ берілмегенін бүгін қызының аузынан естіп, таңғалдым. Арамызда жүргенінде неге 95 жасқа дейін марапаттамаған екен?, – деді жазды Мақпал Жүнісова.

Жайған дастарханнан дәм татып, қонақ болған Мақпал Жүнісова мен Майра Ілиясова жезтаңдай әншіге сый-cияпат көрсетіп, бағалы ішік тарту етті. 

«Мақпал екеуімізден бөлек, тағы бір халық әртісі Роза Рымбаева үшеуіміз сізге құрмет көрсеткіміз келді. Бірақ Роза Ақтөбедегі іс-шараға аттанып кеткендіктен келе алмады», – деді Майра Ілиясова.

          Посмотреть эту публикацию в Instagram                      

Публикация от Мақпал Жүнісова (@zhunusova.makpal)

Алайда Wikipedia-да Бибігүл Төлегенованың 1991 жылы Социалистік Еңбек Ері атағы алғаны көрсетілген.