in

Бүгін – Астана күні

1997 жылы елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешім қабылданып, 1998 жылы 6 мамыр күні атауы Астана болып өзгертілді. Содан бері 27 жыл ішінде бұл қала биік армандардың, батыл шешімдердің мекеніне айналды.

Астана – тек қала емес, бұл болашаққа сенім, бірлік пен жаңғырудың символы.

Елорда күніне орай қалада маусым айынан бері 120-дан астам әлеуметтік, мәдени және спорттық іс-шара қолға алынған.

5-6 шілде күндері Астанада қалалық спектакльдер фестивалі өтеді. Қала тұрғындары мен қонақтарына елорда саябақтары мен алаңдарында ашық аспан астында театрландырылған қойылымдар ұсынылады.

Айта кетейік, қала күнін тойлауға биыл шетелдік әртістер шақырылмайды, тек қалалық Мәдениет басқармасына қарасты 14 ұжымның өнерпаздары өнер көрсетеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.