«Қазгидромет» мәліметіне сәйкес, еліміздің қалған аймақтарында жауын-шашын жаумайды.
Республика бойынша жел күшейіп, түнде және таңертең тұман түседі. Күндіз Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе облыстарында 35-39 градус, Қызылорда облысында 40 градус, Маңғыстау облысында 38-40 градус қатты ыстық болады.
Астанада күн бұлттанып, жаңбыр жауады. Күндіз ауа температурасы +21+23°C, түнде желдің жылдамдығы 3-8 м/с, күндіз 9-14 м/с.
Алматыда күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +30+32°C, желдің жылдамдығы 3-8 м/с.
Шымкентте күн ала бұлтты. Күндіз ауа температурасы +36+38°C, желдің жылдамдығы 8-13 м/с.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.