Қазақстанда 23 маусым күні Мемлекеттік қызметшілер күні атап өтіледі.
2002 жылдың желтоқсанында БҰҰ Бас Ассамблеясының 57-ші сессиясында 23 маусымды БҰҰ-ның Мемлекеттік қызмет күні деп жариялау туралы қаулы қабылданды және БҰҰ-ға мүше мемлекеттерді бұл күнді әр елде белгілеуді шақырды. 2003 жылы БҰҰ Бас Ассамблеясының шешімімен бұл күн халықаралық мереке мәртебесіне ие болды. Ал Қазақстанда Мемлекеттік қызметшілер күні 2013 жылы бекітіліп, 2014 жылдан бастап атап өтіле бастады.
Мемлекеттік қызмет – конституциялық негізде жүзеге асырылатын, өз өкілдеріне мемлекеттік басқаруды іске асыруға және республикамыздың өркендеуіне жауапкершілік беретін кәсіби қызметтің ерекше түрі.
Мемлекеттік қызмет – мемлекеттік биліктің міндеттері мен функцияларын жүзеге асыруға бағытталған лауазымдық өкілеттіктерді орындау бойынша мемлекеттік органдардағы мемлекеттік қызметкерлердің қызметі. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі қоғамдық үрдістерді реттеуге, мемлекеттің біртұтастығын қамтамасыз етуге және Қазақстан Республикасы азаматтарының мүдделерін жүзеге асыруға икемделген. Мемлекеттік қызмет үшін беделдің маңызды функционалдық және мәртебелік маңызы бар. Ол халықтың және мемлекетпен жүргізілетін басқарушылық қызметінің тиімділігін бағалау критерийлерінің сенімділік деңгейінің көрсеткіштері болып саналады. Мемлекеттік қызметшінің оң имиджіне көрінетін негізгі жағдайлар Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінде анықталған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.