Спорттық гимнастикадан Қазақстан ерлер құрамасының көшбасшыларының бірі Милад Карими Әзірбайжанның Баку қаласында өтіп жатқан Әлем кубогы кезеңінде екі дүркін жүлдегер атанды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Отандасымыз кермедегі жаттығуда екінші күміс жүлдесін жеңіп алды.
Финалда Карими төрешілердің шешімімен 15.033 ұпай жинап, екінші орынға ие болды.
Тан Цзя-Хун (Тайбэй) 15.366 ұпаймен бірінші орынды иеленді. Үздік үштікті Анхель Барахас (Колумбия) түйіндеді – 14.400 ұпай.
Ал Диас Тойшыбек 13.900 ұпай жинап, төртінші орынға тұрақтады.
Айта кетейік, бұған дейін Карими еркін жаттығулар бағдарламасында күміс жүлдеге ие болған еді.
Сондай-ақ бүгін, 8 наурызда ат снарядындағы жаттығулар бойынша ақтық бәсеке өтті. Бұл жаттығуда Нариман Курбанов бесінші орын алса, Зейнолла Ыдырысов жетінші нәтиже көрсетті.
