in

Дженнифер Лопестің концертіне 29 елден көрермен келеді

Әлемге танымал әнші Джей Лоның концертіне 5 мыңдай билет сатылымға шыққан. Соның 30% шетелдіктерге бұйырыпты. АҚШ, Қырғызстан, Сауд Арабиясы тағы басқа да   көптеген мемлекеттің өнерсүйер қауымы бір айдан соң Алматы қаласына жиналады. Әншінің райдері мықты. Әсіресе концертке қажетті музыкалық техникаға талап қатал. Джей Лоның қай қонақүйге түсетіні құпия. Әншінің шашбауын көтеріп 100 адам келеді.

Ұйымдастырушылар Джей Лоның концертіне шетелден келген меймандар Алматыда 5 миллиард теңге жұмсайды деп жобалап отыр. Бұған қонақүй, ас-ауқат, экскурсия және басқа да шығындар кіреді. Ал қала бюджетіне 400 млн теңге салық түседі.

Дженнифер Лопестің концерті кезінде стадионға жақын көшелер уақытша жабылады. Қауіпсіздікті 2 мың полиция қызметкері қамтамасыз етеді.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.