2026 жылғы 7 наурыз сағат 08:30-дағы жағдай бойынша бірқатар автожол учаскелерінде қозғалыс қайта ашылды, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ақтөбе облысы
“Ақтөбе — РФ шекарасы (Әлімбет өткізу бекеті)” автожолының 39-136 шақырым аралығында (Ш. Қалдаяқов ауылы – Әлімбет шекаралық өткізу пункті) барлық автокөлік түрлері үшін қозғалыс ашылды.
Сонымен қатар келесі учаскеде тек жеңіл автокөліктердің қозғалысына рұқсат етілді:
“РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы” автожолының 776–1153 шақырым аралығы (Ақтөбе қаласы – Ырғыз ауылы).
Қостанай облысы
Келесі автожол учаскелерінде де қозғалыс қайта ашылды:
– “Қостанай – Әулиекөл – Сұрған” автожолының 8–218 шақырым аралығы (Тобыл қаласы – Октябрьское ауылы);
– “Астана – Атбасар – Жақсы – Рузаевка – Сарыкөл – Қостанай – РФ шекарасы” автожолының 418-539 шақырым аралығы (Қарабалық кенті – Қостанай қаласы).
