in

Жамбыл облысында болған оқыс оқиғаға қатысты Бас прокуратура мәлімдеме жасады

Биылғы жылдың 27 қаңтарында Жамбыл облысында қаруды ұстау кезінде ажалды жарақат алған мерзімді қызметтегі әскери қызметшінің қайтыс болу фактісі бойынша ІІМ-нің әскери-тергеу органдары сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Жедел-тергеу тобы құрылып, тергеу барысы Бас прокурордың жеке бақылауында.

Оқиғаның алдындағы мән-жайларды объективті және жан-жақты (комиссиялық) анықтау мақсатында Қорғаныс министрінің орынбасары, Бас әскери прокурор және ІІМ Әскери-тергеу департаментінің бастығы оқиға орнына шықты.

Сонымен қатар  бұл топтың алдына еліміздің тиісті әскери бөлімдерінде әскери тәртіптің сақталуы мен жеке құрамның қауіпсіздік талаптарының сақталуына жан-жақты тексеруді ұйымдастыру тапсырылды.

Бұдан бөлек, әскери қызметшілердің өмірі мен денсаулығын сақтау, мерзімді қызметті өткеру қауіпсіздігі мәселелері жақын арада Бас прокуратураның арнайы Алқа мәжілісінде қаралатын болады, – делінген Бас прокуратура баспасөз қызметінің арнайы мәлімдемесінде.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»   TELEGRAM арнасынан табасыз.