Черногория құрамасының 28 жасар вингері Дритон Цамай «Астана» футбол клубымен келісімшартқа қол қойды, – деп хабарлайды Аikyn.kz
Бұл жайлы клуб өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.
Дритон – Подгорицадағы «Будучност» клубының түлегі. Бұған дейін ол хорватиялық «Интер Запрешич», черногориялық «Дечич», «Ловчен», «Искра» және венгриялық «Кишварда» клубтарында ойнаған. Цамайдың соңғы клубы – Венгрияның «Кечкемет» командасы болды, – деп жазылған ресми хабарламада.