Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, ол жағдайы күрт нашарлап емханаға қаралуға барған. Алайда зерттеу барысында оны бір ай бұрын құтырған ит қапқаны анықталды.
Дәрігерлердің айтуынша, вирус орталық жүйке жүйесін зақымдап үлгергендіктен азаматты аман алып қалу мүмкін болмаған.
Айта кетейік, бұл жыл басталғалы құтырма дертінен қаза тапқан екінші адам. Бірнеше күн бұрын Қостанай облысында әйел адамды үйіндегі мысығы тістеп алған.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.