Актриса, продюсер Құралай Анарбекова журналист Дина Төлепбергенге сұхбат берді, – деп жазды Aikyn.kz.
Актриса киноға түсу үшін кастингке қатысып жатқанда өзіне ыңғайсыз ұсыныс жасалғанын ашық айтты. Айтуынша, мұндай жағдай шоу-бизнес саласында жиі кездеседі.
«Қорлан образынан кейін режиссерлер кастингсіз шақырады деп ойладым. Бір режиссер кешке кездесіп, вино ішіп, көңіл көтеруді ұсынды. Мен оның отбасы бар екенін, жасы үлкен адам екенін білемін. Бұл сөздер менің намысыма тиді. Сондықтан бұл ұсынысты шок ретінде қабылдадым, сөйтіп өте дөрекі формада жауап бердім», – дейді актриса.
Құралай Анарбекова бұл жағдай өзіне ауыр тигенімен, шығармашылықта маңызды шешім қабылдауға түрткі болғанын жасырмады.
«Актрисаның ғұмыры қысқа ма деген ой келді. Сондықтан өзімді дамыту керегін түсіндім. Режиссердің үстінен қарайтын адам – продюсер. Содан кейін қайдан білім алсам болады деп ойланып, Мәскеуде оқуға шешім қабылдадым. Егер сол жағдай болмағанда, бәлкім, продюсер болмас па едім. Сондықтан рақмет айтамын», – дейді продюсер.
Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның» TELEGRAM арнасынан табасыз.
