in

Мемлекет басшысы Финляндия президентімен келіссөз жүргізді

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Финляндия президенті Александр Стубб екіжақты және халықаралық күн тәртібіндегі мәселелерді талқылады, – деп хабарлайды Aikyn.kz Ақорданың ақпаратына сілтеме жасап.

Қазақстан Президенті жоғары деңгейдегі жемісті саяси диалог екі ел арасындағы ынтымақтастықты арттыруда маңызды рөл атқаратынына тоқталды.

Осы орайда Қасым-Жомарт Тоқаев Финляндия басшысының Қазақстанға жасайтын алдағы сапары қос елдің сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық әлеуетін танытуға ықпал ететініне сенімді екенін айтты.

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM арнасынан табасыз.