in

Нысана көздеуден Қазақстан құрамасы lll ТМД елдері ойындарын 7 жүлдемен аяқтады

Соңғы жарыс күні біздің спортшылар 2 күміс, 1 қола медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Aikyn.kz.

Пневматикалық винтовка (соло), 10 м:
Александра Ле – күміс
Елизавета Безрукова – қола
Пневматикалық тапанша (соло), 10 м:
Валерия Попелова – күміс

Барлығы біздің команда еншісінде 1 алтын, 4 күміс және 2 қола медаль бар. Алдыңғы 2 жарыс күнінің жүлдегерлері:

Пневматикалық винтовка, 10 м:
Дмитрий Ким – алтын
Александра Ле – күміс
Қазақстан құрамасы (Александра Ле, Дмитрий Ким) – күміс

Пневматикалық тапанша, 10 м:
Валерия Попелова – қола

Айта кетейік, Гянджада барлығы спорттың бұл түрінен 8 елден келген 51 мерген жүлдеге таласты. Осыған дейін Беларусь Республикасында өткен ll ТМД елдері ойындарында нысана көздеуден Қазақстан 2 қола медальға иелік еткен.

Әзербайжандағы жарыс 8 қазанда мәресіне жетеді. Қазір Қазақстанда 9 алтын, 24 күміс пен 45 қола медаль бар (жалпыкомандалық есепте 5-орында).

Сараптама, зерттеу мақала, күнделікті өзекті ақпаратты «Айқынның»  TELEGRAM  арнасынан табасыз.