Министрдің айтуынша, 2025-2026 оқу жылында елде 7 859 мектеп балаларға білім бермек, – деп хабарлайды Aikyn.kz сайты.
Ғани Бейсембаев оның ішінде 6 387 мектептің жағдайы жақсы екенін мәлімдеген еді. Сонымен қатар бұған дейін министр биыл қыркүйектен бастап 1,7 миллион оқушы тегін тамақтанатынын айтқан.
– Бұл көрсеткіш өткен жылмен салыстырғанда 100 мың балаға артып отыр. Жыл сайын әлеуметтік осал санаттағы отбасыларға көмек көрсетіліп келеді. Биылда 510 мың баланы мектепке дайындалуға қажетті көмекпен қамту көзделген. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен қажетті қаржы қарастырылып отыр, – деді ол.
Өз құттықтауында:
“Құрметті әріптестер! Қадірлі ұстаздар, ата-аналар мен оқушылар!
Бүгін Қазақстанның түкпір-түкпіріндегі білім ордалары өз есігін айқара ашады. Жаңа оқу жылын біз үлкен жоспарлармен, үкілі үмітпен бастап отырмыз. Сіздердің әрқайсыңыз еліміздің болашағы үшін өлшеусіз үлес қосып келесіздер. Биылғы оқу жылы оқушыларымыз бен ұстаздарымызды жаңа биіктерді бағындыруға шабыттандыратын жетістіктер мен жеңістерге толы болсын деп тілеймін!
Білім күні құтты болсын!”, – деді министр Ғ. Бейсембаев.