Ресей президенті Владимир Путин Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді, деп хабарлайды Ақорда.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін хабарлағанымыздай, мемлекеттер басшылары келіссөздер барысында Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық серіктестіктің және одақтастық қатынастардың қазіргі жай-күйін, сондай-ақ оны нығайту перспективасын талқылайды.
Ал ертең, 28 мамырда Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттер басшыларының қатысуымен Еуразиялық экономикалық форум өтеді.
Айта кетейік, кеше Егемен Қазақстан газетінде Ресей президенті Владимир Путиннің Қазақстанға мемлекеттік сапары қарсаңындағы мақаласы жарияланған еді.
